Ж.Бахадүр тарихы

Спорттың шыныққан ортасы

 

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – облыстағы бірден – бір өзіндік орны қалыптасқан оқу орны. 2001 жылдың 1 қыркүйегінде негізі қаланған аталмыш оқу ошағының бүгінгі жеңісі мен жетістігі көпшілікке өнеге.

 

Облыстық дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2001 – 2005 жылдары мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, облыс әкімшілігінің 2001 жылы 23 мамырдағы №26 қаулысына сәйкес – 150 балаға арналған облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты мемлекеттік мекемесі болып құрылды. Алғашқы оқу жылдарын агротехникалық колледж ғимаратының базасында бастаған көрінеді. Онда спорттың 3 түрінен бокс, дзюдо, еркін күрес бойынша 150 оқушы жаттығу жасады. 2002 жылдың қыркүйек айынан бастап спорттың 2 түрі ауыр атлетика және грек рим күресі қосылды. 2003 жылы қыркүйек айынан бастап спорттың 2 түрі велоспорт және таеквондо бөлімдері қосылды. 2003 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасының №497 қаулысына сәйкес облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп – интернатына Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы есімі берілді. Осы жылы шілде айынан бастап қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан темір жол мектеп – интернатының ғимараттарына қоныс аударды. 2006 жылы жаңа спорт кешені пайдалануымызға берілді. 2009 жылдың мектеп жатақханасы 2011 жылы мектеп – интернатымыздың оқу ғимараты, 2012 жылы мектеп – интернат асханасы түгелдей күрделі жөндеуден өтіп, бүгінгі заман талабына сай жабдықталып, қызметкерлерімізбен оқушылармыздың игілігіне пайдалануда.   Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың 2018 жылдың 26-шы қаңтарындағы № 1028 қаулысымен «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Қазіргі таңда мектеп-интернат-колледждің 9 бөлімшесінде (Ауыр атлетика, байдарка және каноэде есу, бокс, велоспорт, гандбол,  грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, таеквондо)  22  жаттықтырушы-оқытушы жұмыс жасайда

 

 

 

 

Жаттықтырушылар құрамы :22 жаттықтырушы қызмет атқарады: 13 маман жоғары санатты, 3 маман бірінші санатты, 4 маман екінші санатты, 2маман санаты жоқ,  2 жаттықтырушы Бурлов Ришат Булатович (дзюдо), Удурбаева Диана Геннадиевна (байдарка және каноэде ескек есу) ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары, 2 жаттықтырушы Муратов Еламан Нурадинович (еркін күрес), Утегенов Сайлаубек  Жалгасбекович (бокс) КСРО спорт шебері, 10 жаттықтырушы ҚР спорт шеберлері: Хакимулин Альберт Рустамович, Базарбайұлы Айдос, Оңғар Ерсұлтан Нұрланұлы (ауыр атлетика), Бурлов Ришат Булатович, Алмабек Нұрхан Жеңісұлы (дзюдо), Сандыкбаев Рашид Рысжанович, Аралбаев Азамат Бакытұлы (таеквондо), Женисбеков Асхат Женисбекович (бокс), Кожаниязов Бакытжан Бауыржанович (велоспорт), Удурбаева Диана Геннадиевна (байдарка), Жанжігітов Айтуған Нұрадинұлы (еркін күрес).

 

Мектеп түлектері:

Өлментаева Ғалия

Дзюдодан Халықаралық  дәрежедегі спорт шебері

2001-2004 жылы мектебіміздің І-ші түлегі.

2010 жылы Гуанд-Жоу (Қытай) қаласында өткен «Азия ойындарында» ІІІ орын

Мұстаяпова Гүлбану 

Дзюдодан ҚР Спорт шебері.

2004-2008 жылы мектебіміздің V-ші түлегі

2008 жылы Санаа (Иемен) қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионаты ІІІ орын.

Өксікбаев Шыңғыс

Дзюдодан ҚР Спорт шебері

2003-2008 жылы мектебіміздің V-ші түлегі

2010 жылы Бангкок (Тайлант) қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионаты ІІ орын

Жүсіпбекова Салтанат

Дзюдодан ҚР Спорт шебері

2004-2009 жылы мектебіміздің VІ-ші түлегі

2010 жылы Банког (Тайлант) қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионаты ІІІ орын.

Үсенбекұлы Руслан

Дзюдодоан ҚР Спорт шеберіне үміткер

2007-2012 жылы мектебіміздің VІІ-ші түлегі

2010 жылы Банког (Тайланд) қаласында өткен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты ІІ орын

2010 жылы Казань (Ресей) қаласында өткен жасөспірімдер арасында ІІ-ші Еворазия ойындары ІІ орын

Масенов Нұрлан

Бокстан ҚР Спорт шебері.

2001-2005 жылы мектебіміздің ІІ-ші түлегі

2005 жылы Ливерпуль (Англия) қаласында өткен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты ІІІ орын.

Жеңісбеков Асхат

Бокстан  ҚР Спорт шебері

2002-2007 жылы мектебіміздің ІV-ші түлегі

2006 жылы Ханое (Ветьнам) қаласында өткен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты ІІІ орын

Дүйсенбаев Еркін

Бокстан ҚР Спорт шебері

2005-2009 жылы мектебіміздің VІ түлегі

2010 жылы Тегиран (Иран) қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионаты І орын.

Өмірбеков Нұржан

Еркін күрестен ҚР спорт шеберіне үміткер

2006-2010 жылы мектебіміздің VІІ түлегі

2010 жылы Банког (Тайлант) қаласында өткен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты ІІІ орын.

Ниязбеков Дәулет

Еркін күрестен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

2001-2006 жылғы мектебіміздің ІІІ-ші түлегі

2009 жылы Манила (Филиппин) қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионаты ІІІ орын.

2011 жылы Стамбул (Турция) қаласында өткен ересектер арасында Әлем чемпионаты ІІІ орын.

2012 жылы Лондон (Англия) қаласында өтетін Олимпиада ойындарының жолдама иегері.

Жүсіпов Марғұлан

Еркін күрестен ҚР Спорт шебері

2001-2006 жылғы мектебіміздің ІІІ-ші түлегі

2009 жылы Манила (Филиппин) қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионаты ІІІ орын.

Рахатов Қуаныш

Ауыр атлетикадан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

2002-2005 жылы мектебіміздің ІІ-ші түлегі

2004-2005 жылдары Чанг-Май (Тайлант) және Ташкен (Өзбекстан) қалаларыда өткен жастар арасында Азия чемпионаты ІІ орын.

2005 жылы Дубай (БАЭ) қаласында өткен ересектер арасында Азия чемпионаты ІІІ орын.

Тұңғыш қазақ әлем чемпионатына қатысып қола жүлдегер атанды.

2006 жылы Гуанд-Жоу (Қытай) қаласында өткен жастар арасында Әлем чемпионаты ІІІ орын.

Алдабергенов Жеңіс

Ауыр атлетикадан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

2002-2005 жылы мектебіміздің ІІ-ші түлегі

2005 жылы Ташкен (Өзбекстан) қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионаты ІІ орын.

Шәутеев Дәурен

Ауыр атлетикадан ҚР Спорт шебері

2002-2005 жылы мектебіміздің ІІ-ші түлегі

2010 жылы Гуанд-Жоу (Қытай) қаласында өткен «Азия ойындарында» ІІІ орын.

Өтешов Алмас

Ауыр атлетикадан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

2002-2006 жылы мектебіміздің ІІІ-ші түлегі

2008 жылы Жеонжу (Оңтүстік Корея) қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионаты І орын.

2008 жылы Каназави (Япония) қаласында өткен ересектер арасында Азия чемпионаты ІІІ орын.

 

Алдабергенов Айбол

Ауыр атлетикадан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері

2002-2007 жылы мектебіміздің ІV -ші түлегі

2005 жылы Ташкент (Өзбекстан) қаласында өткен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты ІІІ орын.

2009 жылы Прага (Чехия) қаласында өткен жастар арасында Әлем чемпионаты ІІІ орын.

Зайчиков Александр

Ауыр атлетикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері

2007-2010 жылы мектебіміздің VІІ түлегі

2008 жылы Жеонжу (Оңтүстік Корея)өткен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты ІІІ орын.

2009 жылы Чанг-Май (Тайлант) қаласында өткен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты ІІ орын.

2010 жылы Ташкент (Өзбекстан) қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионаты І орын.

2011 жылы Пенанг (Малазия) қаласында өткен жастар арасында Әлем чемпионаты ІІІ орын.

Балхаев Әділбек

Ауыр атлетикадан ҚР ХД Спорт шебері

2007-2012 жылы мектебіміздің ІХ түлегі

2011 жылы Лима (Перу) қаласында өткен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты ІІІ орын

Тағаев Ұлан

Таеквондодан ҚР Спорт шебері

2005-2007 жылы мектебіміздің ІV түлегі

2007 жылы Амман (Иордания) қаласында өткен жастар арасында Азия чемпионаты ІІ орын.

 

2012 жылы ХХХ жазғы Лондонда өткен олимпиада ойындарында мектебіміздің үш түлегі өнер көрсетіп, облыстың атын паш етті. Олар еркін күрес бөлімінен Дәулет Ниязбеков, ауыр атлеттер Алмас Өтешов пен Александар Зайчиков. Олар өз салмақ дәрежелерінде жақсы орындарға табан тіреп, ел мерейін асырды. Александр Зайчиков ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері. Рио – де – Жанейро қаласында өткен ХХХІ жазғы олимпиадалық ойындарының қола жүлдегері атанды.еркін күрес бөлімінен Өсербаев Ғалымжан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарына қатысушы. ХХХІІ  жазғы олимпиадалық ойындарына еркін күрестен мектебіміздің түлегі Ниязбеков Дәулет қатысты. Жауынтаев Бауыржан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қытай мемлекетінің Тайпей қаласында чемпион болды және де АҚШ – тың Майами қаласында Әлем чемпионы болды дзюдодан жасөспірімдер арасында. Нанкинг (Қытай) қаласында ІІ жазғы жасөспірімдер олимпиада ойындарында жеңімпаз атанды, дзюдодан тұңғыш қазақ жасөспірімдер арасында әлем және олимпиада чемпионы. Мырзабек Ақерке дзюдодан жасөспірім қыздар арасында Ливан қаласында Азия чемпионы және Украина мемлекеті Киев қаласында өткен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында қола жүлдегері атанды. Шамшадин Мағжан дзюдодан жастар арасында Абу – Дабиде әлем чемпионатында чемпион болды. Евгений Ломанов Малайзияның Пенанг қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

 

Қазіргі таңдағы мектеп-интернат-колледж оқушыларының  көрсеткіштері

2018 жылы қазан айында Буэнос-Айрес (Аргентина) қаласында өткен ІІІ жазғы жасөспірімдер олимпиада ойындарында Бахраддин Диас байдарка және каноэде есуден олимпиада жеңімпазы атанды.

Аманқосов Нұрдаулет пен Жылқыбай Құндыз дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Тоғыман Айым таеквондодан жастар арасында Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

 

2019 жылы наурыз айында АҚШ Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Сапи Есенкелді мен Бекболат Рахат жеңімпаз атанып ел мерейін асқақтатты, Бектас Азамат бокстан жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, Сәпи Есенгелді жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, Сансызбаева Айсамал жастар мен жасөспірімдер арасында қос күмісті иеленді 2021-жылы  Ташкент (Өзбекстан) қаласы өткен  Ауыр атлетикадан жастар арасында Әлем чемпионаты.  Сансызбаева Айсамал         І орын

 

 

Мектеп-интернат туралы

Мектеп – интернатындағы спорттық залдар өлшемі 18х30 м болатын 2 спорттық залдарда оқу – жаттығу сабақтарын бокс, грек рим күресі және дзюдо бөлімдері өткізеді. Басқа 2 спорт залында еркін күрес бөлімдері мен ауыр атлетика бөлімдері оқу – жаттығу сабақтарын жүргізсе таеквондо және велоспорт бөлімшелері оқу – жаттығу сабақтарын өздеріне тиесілі спорттық залдарда жетілдіреді. Спорттық залдар оқушылардың талғамына, өз спорт түрлерінің ерекшеліктеріне сай жабдықталған.

Мектеп – интернатты бітіруші түлектеріміздің 80% «дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша түрлі деңгейдегі оқу орнына түсіп, білімдерін шыңдайды. Бұл дегеніңіз, еліміздің бұхаралық спортты дамытуға қосқан үлесіміздің бір үлкен парасы деуге болады.

Мектеп – интернаттағы оқушылардың жатын-жайы – жатақхана. Бұл 260 оқушыға лайықталып, қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Бөлмелері 2 – 3 – 4 оқушыға лайықталған. Спортшыларымызға қажетті барлық жағдайлар жасалған. 15 тәрбиеші жұмыс жасайды.